Qarmet-тен 155 шақтер шұғыл эвакуацияланды

0
244

Бұл жағдай “Қарағанды Жарық” ЖШС-нің №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан туындаған.


Qarmet-тен 155 шақтер шұғыл эвакуацияланды

ашық дереккөз

ERNUR.KZ. 7 қараша күні сағат 20:29-да кәсіпорынның Орталық диспетчерлік басқармасына “Абай” шахтасында электр энергиясының тоқтағаны туралы хабар түскен, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл жағдай “Қарағанды Жарық” ЖШС-нің №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан туындаған.

Жедел түрде персонал эвакуация жоспарын іске қосты, нәтижесінде ауысымда болған 155 адам қауіпсіз түрде жер бетіне шығарылды. Кәсіпорынның барлық қызметтері жедел әрекет етіп, бекітілген жұмыс алгоритміне сәйкес жұмыс жасады.

Қазіргі уақытта электр энергиясы қалпына келтірілді. Тиісті қызметтер жағдайды талдап, кәсіпорын жұмысын қауіпсіз түрде қайта бастау үшін шахтаны дайындап жатыр.