QazVac вакцинасы шет елдерде мойындалып жатыр ма

0
412

Вакцина ДСҰ-да тіркесе – оны дүние жүзі мойындады деп саналады.


QazVac вакцинасы шет елдерде мойындалып жатыр ма

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, QazVac вакцинасы шет елдерде мойындату үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

«QazVac вакцинасы бойынша Отардағы Биологиялық қауіпсіздік институтының ғалымдары дүниежүзілік ұйымдармен жұмыс жүргізіп жатыр. Өтінімдер толтырылуда. Одан бөлек ұйымдастыру жұмыстары да бар. Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандарымен отырып, вакцинаны кестелеуге тырысамыз. Қарағандыда шығарылатын Спутник-V вакцинасы бойынша айтарым, Ресей тарапы да Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен жұмыс атқаруда. Жақын арада бізге мәлімет түсуі керек», – деді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, вакцина ДСҰ-да тіркесе – оны дүние жүзі мойындады деп саналады.