Банкаралық QR төлемдерін енгізу кәсіпкерлік субъектілеріне терминал орнату құнын төмендетеді.
ERNUR.KZ. Қазақстанның ұлттық банкі төлем корпорациясымен бірлесіп банкаралық QR төлемдерін енгізу бойынша пилоттық жобаны бастады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Пилоттық жоба аясында алғашқы транзакция бүгін қаржыгерлер конгресінде екі банктің арасында жасалды. Банкаралық QR төлем қызметі осы санаттағы төлемдерді жылдам және ыңғайлы жүргізуге жол ашады.
Бұдан бөлек, банкаралық транзакцияларды өңдеу құны төмендейді. Соның арқасында клиенттерге төлем қызметтерін кеңейту есебінен шығынды оңтайландыруға мүмкіндік бар.
Пилоттық жоба кезінде оған қатысушы банктерді кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып отыр. Ал келесі жылы жаңа қызмет кеңінен іске қосылады.