2025 жылғы 17 қыркүйекте «Исилькуль» өткізу пунктінде шамамен 24 тонна пастерленген сиыр сүті тиелген жүк көлігі тоқтатылды.
Фото: Омск облысының Росселбхознадхор басқармасы
ERNUR.KZ. «Россельхознадзор» Омск облысына Қазақстаннан жіберілген ірі көлемдегі сүтті кіргізбей қойды, деп жазады inform.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 17 қыркүйекте «Исилькуль» өткізу пунктінде шамамен 24 тонна пастерленген сиыр сүті тиелген жүк көлігі тоқтатылды. Өнім Көкшетаудағы «Садовое» ЖШС-да өндіріліп, Омбы облысындағы «Сүт инвестициялық компаниясына» жеткізілуі тиіс болған.
Тексеру барысында ілеспе құжаттарда сәйкессіздік анықталды. Россельхознадзордың Омбы облысы бойынша басқармасының хабарлауынша, сүт өнімі Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринарлық сертификатымен рәсімделген, алайда құжатта қате кеткен. Нақтырақ айтқанда декларацияда көрсетілген 5 тәуліктің орнына жарамдылық мерзімі 1 тәулік болып жазылған.
Енді тауар құжаттағы қателіктер түзетілгеннен кейін ғана жіберіледі. Ал тауарды жіберген кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осыған дейін Қазақстанның Қытайға түйенің құрғақ сүтін экспорттай бастағаны туралы жаздық.