Министрдің өзі мұндай жарияланымдарды оның имиджін қорлау әрекеті екенін жеткізді.
Россотрудничество басшысы Евгений Примаков Қазақстанның жаңа ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровпен жұмыс істеуден бас тартатынын жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ еxclusive.kz-ке сілтеме жсап.
Бұл туралы Примаков өзінің Telegram-каналында жазба жариялап, жаңадан тағайындалған министрдің орыстар туралы жағымсыз пікір жазатынына көңілі толмайтындығын айтты.
"Россотрудничество руссофобпен ешқандай байланыс орнатпайды, жұмыс істемейді және ынтымақтаспайды, бұл біздің аталған министрмен өзара әрекеттесуімізге толықтай кедергі жасайды", - деп жазды Примаков.
Сондай-ақ, Россотрудничествоның саяси күреске бармайтынын және егеменді мемлекеттердің ісіне араласпайтынын баса айтты.
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір елдің қалыпты өмірін қалпына келтіру жұмысында өте қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр деп есептеймін. Оған ҰҚШҰ күштері, оның ішінде 3 мың ресейлік әскери қызметкерлер көмек көрсетті", - деп жазды Россотрудничество басшысы.
Министрдің өзі мұндай жарияланымдарды оның имиджін қорлау әрекеті екенін жеткізді.
" Мен ондай адам емеспін. Бұрынғы барлық лауазымдарда мен ресейлік және басқа серіктестермен жемісті жұмыс жүргізуге тырыстым. Ресеймен одақтастық қарым-қатынастардың қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Ресей Федерациясының біздің елімізге көрсеткен қолдауы құрмет пен ризашылықты тудырады", - деді Омаров.