Ресейге адыраспан апарғандар жазаланады. Бас прокуратура ескерту жасады

0
534

Өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген


Ресейге адыраспан апарғандар жазаланады. Бас прокуратура ескерту жасады

ERNUR.KZ. РФ-ның қолданыстағы заңнамасында адыраспан психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілген. Оны тасымалдаушыларға қатысты көрші елдің заңнамасында жаза қарастырылған, деп жазады zakon.kz.

"Бұл өсімдікті Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және 1 миллион рубльге дейінгі немесе сотталған адамның бес жылға дейінгі кезеңде жалақысы немесе басқа кірісі мөлшерінде айыппұл түрінде немесе онсыз және бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе онсыз қылмыстық жауаптылық қарастырылған, ал өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген", - дейді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ресей Федерациясының аумағына демалыс кезінде кететін азаматтар санының артуына байланысты, қылмыстық жауапкершілікті болдырмау үшін Бас прокуратура азаматтарға аталған өсімдікті Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуден бас тартуды ескертеді.