Роман Скляр ұлттық инвестиция орталығын басқарады

0
472

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталықты басқарады.


Роман Скляр ұлттық инвестиция орталығын басқарады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкімет басшысының инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталықтың кейбір мәселелері туралы өкіміне қосымша берілген ережеде айтылған, деп жазады inform.kz.

«ИҚҰО қызметіне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары іске асырады», — деп жазылған ереже мәтінінде.

Осылайша Роман Склярға жаңа мемлекеттік құрылымның басшысы мынандай міндеттер жүктеледі:

  • ИҚҰО жұмысын ұйымдастырады;
  • ИҚҰО жұмысына мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдерін тартады;
  • ИҚҰО-ға жіберілген жұмыскерлердің міндеттері мен функционалдық міндеттерін айқындап, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларына жұмыскерлерді ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар басшыларының атына ИҚҰО-ға жіберілген жұмыскерлерді көтермелеу немесе жазалау туралы ұсыныстар енгізеді;
  • Премьер-Министрдің бірінші орынбасарын ИҚҰО жұмысының нәтижелері туралы тоқсанына бір реттен сиретпей хабардар етіп тұрады;
  • ИҚҰО жұмыс топтарын қалыптастырады.