Россельхознадзор қазақстандық тауық етіндегі листерия туралы ақпаратты алып тастады

0
144

Бұған дейін Россельхознадзор Қазақстанның "Макинская птицефабрика" өндірушісінің тауық еті партиясынан листерия табылғаны туралы мәлімдеген болатын.


Россельхознадзор қазақстандық тауық етіндегі листерия туралы ақпаратты алып тастады

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Ресейдің Ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау қызметінің (Россельхознадзор) сайтынан Қазақстаннан Ресейге жеткізілген тауық етінде қауіпті листерия табылғаны туралы ақпарат жойылды, деп жазады tengrinews.kz.

Листерия туралы жаңалыққа өткенде 404 қатесі шығып, "Данная страница была удалена или не существует. Вернитесь на главную и попробуйте еще раз" деген жазу пайда болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Россельхознадзор Қазақстанның "Макинская птицефабрика" өндірушісінің тауық еті партиясынан листерия табылғаны туралы мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ведомство өндірушіге қатысты зертханалық бақылауды күшейткенін хабарлаған еді.

Кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Россельхознадзордан зертханалық зерттеу нәтижелерін растайтын ақпарат алмағанын мәлімдеді.