Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

0
212

Ол бұған дейін Қазақстан президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болды.


Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

фото: Sputnik / Владислав Воднев

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.

Ол бұған дейін Қазақстан президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болды.
Руслан Желдібай премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, президент әкімшілігі басшысының орынбасары секілді лауазымды қызметтер атқарған.