Сайлаудан кейін тың бастамаларымды жария етемін – Тоқаев

0
465

Сондай-ақ президент тиісті заңдарымызды қатаң сақтауымыз керектігін ескертті.


Сайлаудан кейін тың бастамаларымды жария етемін – Тоқаев

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудан кейін тың бастамаларын жария етпек. Бұл жайында мемлекет басшысы премьер-Министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте айтты, деп жазады stan.kz.

Президенттің айтуынша, азаматтарымыз елде оң өзгеріс болып жатқанын үнемі сезінуі қажет.

“Ол үшін игі бастамалардың мән-маңызын халыққа ұдайы айтып отырған жөн. Біз тұрақсыздыққа апаратын әрекеттерге жол бермейміз. Мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алу қажет. Елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаланады. Арандатуға қарсы күрес заң аясында, жедел әрі жүйелі түрде жүргізілуі керек", – деді ол.

Сондай-ақ президент тиісті заңдарымызды қатаң сақтауымыз керектігін ескертті.

“Әйтпесе әрекетсіздіктің салдары еліміз үшін өте қауіпті болуы мүмкін. Мен бірнеше рет айтқанымдай, бізге, ең алдымен, заң үстемдігі аса қажет. Заң сақталса және азаматтық жауапкершілік жоғары болса, қоғамда тәртіп болады.

Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудан кейін тың бастамаларын жария ететінін айтты.

“Тұрақтылық бар жерде ғана даму, өркендеу болады. Ел бірлігі – реформаларды табысты жүзеге асырудың басты кепілі. Сондықтан ырысты ынтымақпен білек сыбана жұмыс істеуіміз қажет. Мемлекетті жан-жақты жаңғыртуға қатысты жұмыс болашақта жалғасын табады. Осы орайда мен бірқатар тың бастамаларды ойластырып жатырмын. Оны сайлаудан кейін жария етемін", – деді ол.