"Самара-Шымкент" тас жолында ірі жол апаты орын алды

0
435

Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.


ERNUR.KZ. 13 ақпан күні сағат 11:00 шамасында "Самара-Шымкент" тас жолының 619 шақырымында 4 көлік бірдей соқтығысқан ірі жол-көлік оқиғасы орын алды, деп жазды inbusiness.kz.

Жеңіл автолар тиелген жүк көлігі алдында келе жатқан бірнеше темір тұлпармен соқтығысқан. Жүргізушілердің бірі Хромтау орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

"Рено" маркалы авто таситын көліктің жүргізушісі жол және метеорологиялық жағдайды ескерместен жолдың тайғанақ бөлігінде алдында келе жатқан "Рено" жүк көлігіне барып соғылған. Қатты соққыдан автотасымалдаушы "Рено" кенет қозғалыс бағытын өзгертіп, қарсы жолақта келе жатқан "Мерседес" жүк көлігіне соғысады. Салдарынан дене жарақатын алған "Мерседестің" жүргізушісі Хромтау ауданындағы орталық ауруханаға жеткізілді", – деп жазылған полиция департаменті таратқан хабарламада.

Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.