Сот шешімі бойынша әйел адамның балаларына қатысты ата-ана бойынша құқығы шектелді.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Сәтбаев қаласының білім бөлімі екі баланың анасына ата-ана құқығын шектеу туралы сот ісін қозғады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Азаматтық іс Ұлытау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
«Ата-ананың мінез-құлқына байланысты балалар үшін қауіпті фактілер анықталды, атап айтқанда: азаматша Ч.-ның физикалық күш қолданғаны, олардың өміріне қауіп төнгенде ешнәрсе жасамағаны, сол сияқты оның балалармен бірге суицид жасайтыны туралы хат келген», - делінген хабарламада.
Сотта жауапкер талап арызды мойындаған жоқ.
Сот шешімімен әйел адамның балаларына қатысты ата-ана бойынша құқығы шектелді. Балалар қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға қамқоршылыққа берілді. Сонымен қатар, одан балаларды асырауға алимент өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.