Форумға мемлекет, үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен ірі компания жетекшілері, саяси қайраткерлер мен сарапшылар тобының өкілдері қатысады.
ERNUR.KZ. Елордада Астана халықаралық форумы (AIF) жұмысын бастады. Форумның тақырыбы – «Connecting minds, shaping the future». Форум Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткізілетін жалпы отырыстан басталады. АХФ экономикаға, климатқа және мемлекетаралық қатынастарға назар аудара отырып, жаһандық өзгерістер жағдайында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Форумға мемлекет, үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен ірі компания жетекшілері, саяси қайраткерлер мен сарапшылар тобының өкілдері қатысады.
Форумға 7000-нан астам қатысушы тіркеліп отыр. Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Африка елінен БҰҰ, ААҰ, ХКҰ және ДЗМҰ сияқты жетекші халықаралық ұйымдардың атынан 160-тан астам спикер бар. Екі күн бойы олар түрлі саланың сарапшыларымен бірлесіп, мемлекетаралық ынтымақтастық моделін, жаңа жаһандық әріптестік құрудың келешегін қарастырады.
Форумның құрметті қонақтары арасында мыналар бар:
Жоғары мәртебелі Пол Кагаме, Руанда Республикасының Президенті;
Жоғары мәртебелі Гордана Сильяновска Давкова, Солтүстік Македония Республикасының Президенті;
Пан Ги Мун, Жаһандық жасыл өсу институтының (GGGI) Президенті және төрағасы, Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) 8-бас хатшысы;
Ален Берсе, Еуропа Кеңесінің бас хатшысы;
Цюй Дунъюй, Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) бас директоры;
Эми Э. Поуп, Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) бас директоры;
Дарен Танг, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) бас директоры; • Каха Имнадзе, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі және Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясы жөніндегі аймақтық орталығының (БПДАО) басшысы.
АХҰ негізгі бағыты:
– Сыртқы саясат пен халықаралық қауіпсіздік;
– Энергетика және климаттың өзгеруі;
– Экономика мен қаржы.
Бағдарламада 40-тан аса панельдік сессия, бейресми пікірталастар мен басқа да бағдарламадан тыс шаралар бар.