Себепсізден себепсіз әйелін аяусыз ұрып өлтірді

0
1 176

Тергеу жұмыстары жүргізілуде


Себепсізден себепсіз әйелін аяусыз ұрып өлтірді

ERNUR.KZ. Балқашта араққа тойып алған ер адам жарын қатты ұрып соққаны сонша- бойжеткен оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп жазады kun.kz.

Ер адам не себепті мұндай әрекетке барғанын түсіндіре алмады. Сөзінше, сол күні ол ішімдікті шамадан көп мөлшерде ішкен екен. Салдарынан себепсізден-себепсіз сүйіктісінің басынан бірнеше рет ұрған. Марқұм оқиға орнында қаза тапқан.

Кейін ер адам пәтерден кетіп қалған екен.

Қазіргі таңда ҚК 99 «кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.