Ол ауруханаға жеткізілді.
фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Семейде 10 жастағы қызды жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті. Мектеп оқушысы ауруханаға жеткізілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полицияның мәліметінше, Toyota маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін сақтамай, қыз баланы басып кеткен. Оқиға қаладағы Zeta дүкенінің маңында болған.
«Жүргізуші жолдағы қауіпсіздікке көз жеткізбестен, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 10 жастағы қызды қағып кеткен. Қыз бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.