Семейде бала зорлап, 15 жылға сотталған адам түрмеден қашпақ болған

0
135

Жедел іздестіру шаралары кезінде сотталушы бірден ұсталған.


Семейде бала зорлап, 15 жылға сотталған адам түрмеден қашпақ болған

Фото: Казтаг

ERNUR.KZ. Семейде бала зорлап, 15 жылға сотталған адам түрмеден қашпақ болған, деп жазады ulysmedia.kz.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті өкілдері бұл ақпаратты растады. Сотталған адам денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілген кезінде қашпақ болған.

- Семей қаласында денсаулығының нашарлауына байланысты азаматтық медициналық мекемеге орналастырылған сотталушы қашып кетпек болды, дейді комитет өкілдері.

Жедел іздестіру шаралары кезінде сотталушы бірден ұсталған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу жүріп жатыр.