Семейде борышкерлер жылудан ажыратылып жатыр

0
760

Жеке тұлғалардың қарызы 180 миллионға жеткен.


Семейде борышкерлер жылудан ажыратылып жатыр

Семейде борышкерлер жылудан ажыратылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Қалада заңды тұлғалардың берешегі 120 миллион теңгеден асқан. Ал жеке тұлғалардың қарызы 180 миллионға жеткен.

Сондықтан мамандар жылу ақысын күштеп өндіруге мәжбүр болып отыр. Қара тізімге іліккен нысандарды "Жылукомунэнерго" мамандары аралап, төлеуден бас тартқандардың құбырын қиюда.

Осылай уақыт созып төлемей жүретіндер көп. Жылуды толыққанды алады. Ақысын төлеуге келгенде қашып-пысып жүреді. Қарызы барларға бірнеше рет ескерту де жасаймыз. Құлақ аспайды. Мамандар келіп қатаң шара қолданғанда ғана, төлей бастайды- дейді Жылу инспекциясы басшысының орынбасары, Владислав Блеко.

Көлік жуу орындары, кафелер мен өзге де қызмет көрсету нысандарының ішінде берешекке белшеден батқандар көп. Кейбірінің өткен жылу маусымы үшін қарызы 1,5 миллион теңгеден асып кеткен. Ондайлар жылудан ажыратылады. Қайта қосылу үшін тағы айыппұл арқалайды.