Шенділер шайқасы: Полиция қызметкері әріптесіне пышақ кезенген (видео)

0
1 150

Ахмедияр Хусаинов көшесінің бойынан өтіп бара жатқан куәгерлер оқиғаны таспаға түсіріп алған.


Шенділер шайқасы: Полиция қызметкері әріптесіне пышақ кезенген (видео)

фото: dknews.kz

ERNUR.KZ. Орал қаласында полиция қызметкерлерінің арасында үлкен жанжал туындады деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ахмедияр Хусаинов көшесінің бойынан өтіп бара жатқан куәгерлер оқиғаны таспаға түсіріп алған. Олар Hyundai Tucson автомобилінің ішінде болып жатқан күресті көрген. Полиция қызметкері қарсыласының пышағынан сақтанған. Өздеріне жұрттың назары ауып тұрғанын байқаған соң, көліктен бірнеше адам түсіп, қашып кеткен.

БҚО ПД мәлімдеуінше, төбелес шығарған екі адамда полиция қызметкерлері болып шықты.

"2019 жылдың 8-маусым күні сағат 16:00 шамасында БҚО ПД кезекші бөліміне WhatsApp желісі арқылы белгісіз азаматтардың полиция формасындағы қызметкерге физикалық күш көрсетіп жатқан видео жайлы хабарлама келген. Анықталғандай екі адамда полиция қызметкерлері болып шықты. Видеоны сараптау кезінде олардың арасында жеке бастың мәселесіне қатысты дау туындағаны анықталды. Оқиға алдын ала тергеуге жіберіліп, тергеу жұмыстары басталды.",- деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.