Ол қорғаушының шешімін құптамады.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот ісінде Алматы облысының ауданаралық сотының судьясы Асқар Бейімбетов Абзал Шынасылдың қорғаушысы Әбеновтің судья Ержан Жанұзақовқа шағым түсіруін қарап жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Әбенов судьяға неге қарсы болғанын түсіндірді.
«Шынасыл оқиға орнына соңынан келді деген дерекке қарсы шығып, мемлекеттік айыптаушылар өз нұсқаларын ұсынды. Біз видеолардағы сәйкес емес жерлерді сарапшы шақыртып анықтауымыз керек болды. Сондай-ақ тергеушіні де шақыртамыз дедік. Алайда сот оған рұқсат бермеді», – деді Әбенов.
Абзал Шынасыл да өзінің адвокатын қолдады.Сотталушылардың өзге қорғаушыларының басым бөлігі де Әбеновті қолдады. Күдіктілердің ата-аналары да адвокаттың шешімін қолдайтынын айтты.
Ал мемлекеттік айыптаушылар Әбеновтің арызын орынсыз деп санап, судьяны ауыстырмауды ұсынды.
Еске салсақ, күннің бірінші жартысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы Әбенов төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірген болатын.
Сот Ержан Жанұзақовты соттан алыстатпай, орнында қалдыру жайлы шешім шығарды.