ШҚО-дағы саңыраулар қоғамының басшысы 115 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

0
231

Тергеу жалғасып жатыр.


ШҚО-дағы саңыраулар қоғамының басшысы 115 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандық саңыраулар қоғамының "Шығыс" корпоративтік қорының басшысын алаяқтық жасағаны үшін әшкереледі, деп жазады tengrinews.kz.

"Ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өз карточкалық шотына 115 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деп күдікке ілінген. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.