1 маусымда Қазақстанда шомылу маусымы басталды.
ERNUR.KZ. Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі брифингте қайғылы жағдайлар бойынша статистика ұсынды, деп жазады zakon.kz.
Cудағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адам өлімі фактілері тіркелді: 81 адам, оның ішінде 32 кәмелетке толмаған бала суға кетті.ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері 36 адам суға кетті, оның ішінде 19-ы бала.
Министрлік өкілі атап өткендей, қаза болудың негізгі себептері: жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды қараусыз қалдыру.
Қайтыс болғандар статистикасы мынандай:
- су айдынына абайсызда құлау – 32 адам;
- жүзе алмаудан – 18 адам;
- мас күйінде шомылудан – 11 адам;
- балық аулау кезінде ережелерді бұзудан – 10 адам;
- өз күштерін жете бағаламаудан – 9 адам;
- жүзу құралын дұрыс пайдаланбаудан – 1 адам.Өзіңізді, жақындарыңызды және балаларыңызды қорғау үшін судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет:
- балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеңіз;
- бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті!» белгілері орнатылған жерлерде суға түспеңіз;
- масаң күйде шомылмаңыз;
- жүзудің шекарасын белгілейтін қалытқылардан (буйки) асып кетпеңіз;
- шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзіп бармаңыз;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеңіз;
- жүзуге арналмаған заттармен жүзбеңіз;
- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, парапеттерден, қоршаулардан және басқа да заттардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз.