Шығыс Қазақстанда 22 жастағы жігіт суға батып кетті

0
374

Алдын-ала мәліметтер бойынша, жігіт өзімен бірге демалып жатқан екі қызға көмектесемін деп суға батып кеткен.


Шығыс Қазақстанда 22 жастағы жігіт суға батып кетті

ERNUR.KZ. Ұлан ауданында суға түсуге рұқсат етілмеген жағажайда кезекті жазатайым оқиға орын алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылғы 13 маусымда Ұлан ауданында суға түсуге рұқсат етілмеген жағажайда шамамен сағат 18:30-да куәгерлер 2000 жылы туған суға батып кеткен жігіттің денесін алып шықты.

Жақын маңдағы демалушы Марина Мисоченконың айтуынша, айқайды естіген кезде, олар бірнеше адам жиналған жерге жүгіріп келіп, батып кеткен адамды судың түбінен алып шыққан.

«Біз батып кеткен адамға жасанды тыныс алуды жасадық, бірақ ол есін жиған жоқ», – деді Марина Мисоченко.
“Келген жедел жәрдем дәрігерлері өлімді анықтады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жүргізуде, алдын-ала мәліметтер бойынша, жігіт өзімен бірге демалып жатқан екі қызға көмектесуге тырысқан кезде, суға батып кеткен. Оқиғаның барлық егжей-тегжейлері анықталып жатыр”, – делінген баспасөз хабарламасында.