Шығыста 83 елді мекенге су жайылу қаупі бар

0
1 037

​Шығыс Қазақстанның 83 елді мекеніне су жайылу қаупі бар. Бұл туралы «Көктем-2018» республикалық жаттығу жиынында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Шығыста 83 елді мекенге су жайылу қаупі бар

фото: inform.kz

Шығыс Қазақстанның 83 елді мекеніне су жайылу қаупі бар. Бұл туралы «Көктем-2018» республикалық жаттығу жиынында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азаматтық қорғаныс қызметінің өкілдері Шығыс Қазақстанда бас қосып, «Көктем-2018» республикалық жаттығу жиындарын өткізуде. Жиынның екінші күнінде төтенше жағдай мамандары Өскемен қаласы мен Глубокое, Зырян, Бесқарағай аудандарында тәжірибе өткізді. Өскемен маңындағы «Ертіс-2» саяжай ауданында Ертістің тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды «Нива-Марш» ұшқыр қайығымен құтқару жаттығуы ұйымдастырылып, 13 қызметтің селбесіп жұмыс істеуі тексерілді. Бұл уақытта теміржол қызметінің мамандары Глубокое ауданының Казиевка стансасында «рельстен шыққан вагондарды» жолға салумен әуре болып жатты. Ал пойыздың жолын тосқан тасқын су құм төсеу арқылы «ауыздықталды».