Алматыда орналасқан Шымбұлақ тау курорты мен Оңтүстік Кореяның MONA Yong Pyong курорты стратегиялық серіктестік туралы келісімге келді.
ERNUR.KZ. Kazakh Tourism қолдауымен жасалған келісім екі ел арасындағы туристердің көбеюіне себепші болмақ, деп жазады inform.kz.
- Пхёнчхан қаласында қол қойылған келісімшарт аясында тараптар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында жыл сайын туристер мен нұсқаушылар алмасу туралы келісті. 2024-2025 жылғы маусымда Шымбұлаққа Оңтүстік Кореядан 15 мыңға жуық турист келеді деп күтіледі. Сондай-ақ Оңтүстік Корея спортшылары Шымбұлақтағы тау шаңғысынан Азия Кубогы, фристайлдан Әлем Кубогының кезеңдері және басқа да маңызды спорттық шараларға белсенді қатысады. Осы серіктестік аясында Шымбұлақ курортында оңтүстік кореялық спортшылардың оқу-жаттығу жиындары өтеді, - деп хабарлады Шымбұлақ тау курорты баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматының туристік инфрақұрылымы туралы жазғанбыз.