Шымбұлақтағы қара түтін алматылықтардың үрейін ұшырды (видео)

0
960

Бейнеролик әлеуметтік желіге салынған.


Шымбұлақтағы қара түтін алматылықтардың үрейін ұшырды (видео)

ERNUR.KZ. Алматыда электр қуаты сөнгеннен кейін "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортында қара түтін пайда болды. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейнероликті Instagram желісіндегі krisha.kz парақшасының оқырманы жолдапты.

"Шымбұлақ" МТК анықтамалық қызметінде өрт туралы кез келген қауесетті жоққа шығарды. Олар "Шымбұлақта" қосымша қорек көзі бар болғандықтан арқан жолы штатты режимде жұмыс істегенін айтып, түсіндірді.

Түтіннің пайда болуына дизельді генератордың жұмысы себеп болған екен.

"Кез келген дизельді қозғалтқыш секілді ол да іске қосылғанда түтін шығарады. Онда тек арқан жолды айналдыратын үлкен қозғалтқыш бар. Ештеңе болған жоқ. Біз қозғалтқышты іске қостық, ол барлығын қауіпсіз режимде түсірді", - деді "Chimbulak Development" ЖШС коммерциялық директоры Владислав Семенов.