Шымкентте 11-сынып оқушысы медициналық академия профессорын өлтірді деген күдікке ілінді

0
892

Жігіт 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Шымкентте 11-сынып оқушысы медициналық академия профессорын өлтірді деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. 15 мамырда Шымкенттегі Айдын көшесінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессоры Б.У-ды ұрып-соққаны туралы ақпарат түсіп, кейін ол ауруханаға жеткізілген. Денсаулыққа зиян келтірді деген күдікке жергілікті мектептердің бірінің 11-сынып оқушысы ілінді, деп жазады stan.kz.

Мәліметтерге сүйенсек, 5 күннен кейін профессор ауруханада көз жұмды.

Полиция қызметкерлері өлімге әкеп соқтырған дене жарақатын келтірді деген күдікпен 17 жастағы 11-сынып оқушысын ұстады. Тергеушілердің айтуынша, мұғалім мен оның арасында жанжал болған. Артынша жас жігіт ата-анасының қамқорлығына берілді.

Іс Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігінен (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) 106-бабы, 3-бөлігіне (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) ауыстырылды.

Жігіт 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.