Синоптиктер Қазақстанның үш облысында су тасқынының екінші толқыны болады деп болжады

0
1 396

Еліміздің 8 өңірінде су тасқынының беті қайтар емес.


Синоптиктер Қазақстанның үш облысында су тасқынының екінші толқыны болады деп болжады

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова су тасқынының екінші толқыны қаупі бар өңірлерді атады, деп жазады stan.kz.

"Ақмола облысындағы салалар бойынша Есіл өзені суының түсуінен (Жабай, Қалқұтан) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында, Батыс Қазақстан облысында – Ресей аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуінен, Атырау облысының аумағында – Батыс Қазақстан облысының аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуінен су тасқыны қаупі туындап отыр", - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингіде.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында орналасқан таулы өзендерде су тасқыны кезеңі әдетте жазық өзендерден кейін өтеді.

"Қазіргі уақытта Ақмола облысындағы Есіл өзенінің кейбір салаларында су тасқыны үдеді, бұл Есіл өзенінде су деңгейінің қайта көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ су деңгейінің көтерілуі Нұра өзенінің төменгі ағысында жалғасуда", - деді Алина Исмагулова.

Айта кетсек, еліміздің 8 өңірінде су тасқынының беті қайтар емес. Тасқын салдарынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар саны 100 мыңнан асты.