СҚ-Фармация: Қазақстанда 2 айлық дәрі-дәрмек қоры бар

0
550

Медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектер қоры қамтамасыз етілді.


СҚ-Фармация: Қазақстанда 2 айлық дәрі-дәрмек қоры бар

ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев стационарлар мен емханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету барысы туралы баяндады, деп жазады baq.kz.

Ол брифинг барысында Бірыңғай дистрибьютордың коронавирустық инфекциямен күрес шеңберінде жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.

Біріншіден, қоймаларда 2 айлық дәрі-дәрмек қоры қамтамасыз етілген. Денсаулық сақтау министрлігі 6,4 млрд теңге сомасына COVID-19-ды емдеу үшін қордағы 38 дәрілік заттарды бекітті. Осы заттардың көлемі айына 60 мың пациентті емдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі күні іс-шаралар қарқынды жүргізіліп жатыр, - деп түсіндірді басқарма басшысы.

Екіншіден, медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектер қоры қамтамасыз етілді.

Өткен жылдан бастап еліміздің медициналық ұйымдарына КВИ емдеу хаттамасына сәйкес дәрі-дәрмектер үздіксіз жөнелтілуде. Осы 91 дәрілік зат бойынша қалдық жыл басында 9,1 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың басынан бастап ауруханаларға 8,7 млрд теңге сомасына дәрі-дәрмектер жөнелтілді. Үшіншіден, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесі 5 атауға кеңейтілді. Олар - парацетамол және ибупрофен, ривароксабан, апиксабан және дабигатран антикоагулянттары, - деп айтты Ерхат Есқалиев.

Айтуынша, 2021 жылдың кезеңінде республика емханаларына 2 млрд теңге сомасына препараттар жіберілді. Бұл ретте халыққа рецепт бойынша олардың 500 млн теңгесі таратылды.

Төртіншіден, бөлшек сауда желісі үшін препараттар сатып алынды.

Әкімдіктердің өтініштері бойынша тапшылық туындаған жағдайда бөлшек сауда желісіне араласу үшін 1,8 млрд теңге сомасына 26 атау бойынша 2 айлық қор қалыптастырылды. Сонымен қатар 10 млн маска сатып алдық. Оның ішінде 0,4 млрд теңге сомасына 500 мың балалар маскасы. Маскалар өңірлерде шұғыл қажеттілік туындаған жағдайда бөлшек дәріханалар арқылы сатуға арналған.

Бесіншіден, Бірыңғай дистрибьютордың хабтарында сақталатын бір рет қолданылатын 200 мың костюм қоры қалыптастырылды. Әрбір өңірде ЖҚҚ және КВИ дәрі-дәрмектеріне деген қажеттілік аурудың өршуіне байланысты, осыған байланысты ББ Хабтарында қорлар құрылды. Алтыншыдан, халықты вакцинациялау үшін шприцтер қоры қалыптастырылды. Бүгінгі күні өңірлерде 11 млн шприц қолданылды, - деп толықтырды ол брифингте.