“СҚ-Фармация“ тергеуде: бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша іс қозғалды

0
112

2025 жылғы шілдеде Бас прокуратура "СҚ-Фармация" ЖШС-не қатысты Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) аудит қорытындысы бойынша анықталған деректермен сотқа дейінгі тергеуді тіркеген болатын.


“СҚ-Фармация“ тергеуде: бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша іс қозғалды

Фото: sk-pharmacy.kz

ERNUR.KZ. "СҚ-Фармацияға" қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, ол тергеуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректерді жариялай алмаймын", – деді Елемесов Сенаттағы брифингте.

Еске салайық, 2025 жылғы шілдеде Бас прокуратура "СҚ-Фармация" ЖШС-не қатысты Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) аудит қорытындысы бойынша анықталған деректермен сотқа дейінгі тергеуді тіркеген болатын. Сол кезде Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек 35,8 миллиард теңге көлемінде залал келтірілгенін хабарлаған еді.