СҚО-дағы дүлей дауыл: зейнеткердің үстіне ағаш құлап, қайтыс болды

0
124

Аймақтағы желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен.


СҚО-дағы дүлей дауыл: зейнеткердің үстіне ағаш құлап, қайтыс болды

Фото: пресс-служба акимата Алматы

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында дүлей дауыл соғып, Булаево қаласының 69 жастағы тұрғыны қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

29 сәуірдегі мәліметінше, зейнеткердің үстіне зиратта жүрген кезінде ағаш құлаған. Ол ауыр бас-ми жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды.

Аймақтағы желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен. Дауыл электр желілерін үзіп, ағаштарды опырып, көліктерге зақым келтіріп, ғимараттардың шатыр жабындарын жұлып әкеткен. Бұл ретте, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қашықтан оқыту форматы енгізілді.

Қала сыртындағы тас жолдарда жүк көліктерінің аударылу оқиғалары тіркелді. Зақым келген аудандарда табиғи апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.