​Сөгіс алған басшылар қомақты сыйақыдан қағылатын болды

0
1 365

Сөгіс алғандарға он үшінші жалақы, президенттің премиясы берілмейді.


​Сөгіс алған басшылар қомақты сыйақыдан қағылатын болды

ERNUR.KZ. Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингтен соң Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сөгіс жарияланған басшылар қомақты қаражаттан қағылғанын мәлім етті, деп жазады Baq.kz.

Өткен аптада Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысында электр және жылу энергияларының қолданыстағы тарифі мен энергетикалық қызмет нарығындағы бағасы мәселесі қаралды. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жариялады.

Ал бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге сөгіс жариялады.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет басшысына тариф бағаларын негізгіз өсіруге жол берген Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің 10 басшысына сөгіс жарияланғанын, әрі комитеттің 1 аумақтық департментінің директоры қызметінен босатылғанын айтты.

Осы орайда министр аталған комитеттің 4 департаментіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

«Бұл өте ауыр. Себебі, мемлекеттік қызметкер тек жалақымен күн көреді. Кейін он үшінші жалақысын алуы мүмкін. Кейін президенттің премиясы бар. Сөгіс жарияланған соң, олар барлық қосымша сыйақыдан қағылып отыр. Ол – қомақты қаражат. Қазіргі таңда оларға «сары қағаз» көрсетіліп тұр ғой», - деді министр журналистерге.

Алайда ведомство басшысы БАҚ өкілдеріне қомақты қаражаттың мөлшерін ашып айтпады.