ҚР президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа Мәдениет және спорт министрі етіп Ақтоты Райымқұлованы тағайындаған болатын.
ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова тілшілердің сауалына жауап берді, деп жазады baq.kz.
Осыған дейін бұрынғы министр Арыстанбек Мұxамедиұлының командасында жұмыс істеген жаңа министр кадрларды ауыстыруға асықпайтынын айтты.
"Жұмысты жалғастырамын. Елбасы мен Президенттің үкіметтің алдына қойған тапсырмасы бар. Соны жүзеге асыру керек. Әрине, ең алдымен еліміз бен қоғамның аманшылығына жұмыс істейміз.Осы уақытқа дейін бірге жұмыс істеген әріптестеріммен бірге қызмет ете беремін. Біздің коллективіміз өте жақсы", - дейді министр.
Ақтоты Райымқұлова - өнер адамы. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын "композиция" және "фортепиано" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы да тек өнермен байланысты. Бұрын вице-министр болғанда да өнер, мәдениетке жауапты болған. Ал енді министр болғаннан кейін спортқа да жауапты.
"Мәдениет және өнер өздеріңіз білесіздер, ақыл ойды, парасаттылықты ұштайды. Ал спорт - денені шынықтыру, саламатты өмір салтын насиxаттау. Жалпы, адамның болмысы болу үшін бұл екеуі өте қажет. Ал маған спортты басқару қиын емес", - дейді ол.
Айта кетейік, күні кеше ҚР президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа Мәдениет және спорт министрі етіп Ақтоты Райымқұлованы тағайындаған болатын.