Студенттік жатақхана салатын инвесторларға жеңілдік жасалады

0
573

Мемлекеттен берілетін төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа объект құрылыс салушының меншігінде қалатынын атап өту маңызды.


Студенттік жатақхана салатын инвесторларға жеңілдік жасалады

ERNUR.KZ. Жеке сектор үшін кредиттеудің соңғы мөлшері «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен - 7% және «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасымен - 6%, деп жазады baq.kz.

Президент Тоқаевтың қыркүйектегі Жолдауында және Мемлекет басшысының Алматыдағы студенттермен, жас ғалымдармен кездесуінде берген тапсырмасын орындау мақсатында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі ЖОО мен колледждерге жаңа жатақханалар салу немесе ғимараттарды жатақханаға айналдыру үшін қайта жаңғырту кезінде құрылыс салушының шығындарын ішінара өтеуге бағытталған мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін қайта қарастырды.

ЖОО және колледж студенттері үшін жатақханалар салу кезінде бір орынға мемлекеттік тапсырыстың мөлшері 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке дейін, Алматы қаласы үшін 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін көбейді, мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі 8 жылдан 6 жылға дейін қысқартылды. Алдын ала жасалған келісімге сәйкес 2025 жылға дейін 75 жаңа жатақхана салу жоспарланған.

Бұл шара биыл күзде өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерінің әлеуетті инвесторлармен және бизнес өкілдерімен кездесулерінің нәтижесінде әзірленді. Атап айтқанда, инвесторлар мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігінің қолданыстағы шарттары бизнес үшін тиімсіз екенін, сонымен қатар құрылыс материалдары, құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының өсуі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердегі пайыздық шығындарына бола тәуекел етпеген.

Жалпы, жатақхана салу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі жаңартылған тетік орын тапшылығын ғана шешпейді, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада мынадай әлеуметтік-экономикалық нәтижелер алуға мүмкіндік береді:

- Жатақханалардың нысаналы құрылысы мен пайдалануына кететін бюджет қаражатын үнемдеу, сәйкесінше мемлекеттік бюджет нысаналы құрылысқа бір мезгілде кететін шығындарға ұрынбайды;

- Болашақта бюджет есебінен салынған жатақханаларды пайдалануға шығындар болмайды;

- Жатақхананың құрылысы кезінде уақытша жұмыс орындары, жұмысын бастағанда жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құруды ынталандыру. Демек, бір жатақхана салу кезінде 100-ден 400-ге дейін жұмыс орны ашылады.

Мемлекеттен берілетін төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа объект құрылыс салушының меншігінде қалатынын атап өту маңызды. Жалғыз шарт жылжымайтын мүлікке тіркелетін құқықта 20 жылға дейін объектінің нысаналы мақсатын өзгертуге болмайды. Бұдан бөлек, инвесторларға студенттік жатақханаларды салу және реконструкциялау бойынша банктік қарыздарды «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы субсидиялау мүмкіндігі берілді. Жеке сектор үшін кредиттеудің соңғы мөлшері «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен - 7% және «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасымен - 6%.