Су басқан үйін көруге кеткен: Құлсарыда әкесі мен баласы көз жұмды

0
496

Олар 6 сәуір күні су басқан үйлерін көруге кеткен.


Су басқан үйін көруге кеткен: Құлсарыда әкесі мен баласы көз жұмды

ERNUR.KZ. Бүгін, 14 сәуірде сағат 13:40-та ТЖД күштерімен 2000 жылы туған жігіттің денесі өз тұрғын үйінен 1 км қашықтықта 1,5 м тереңдікте су астынан табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кетейік, 6 сәуір күні Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылы туған әкесі мен 2000 жылы туған баласы су басқан үйін көруге барған болатын.

«Құтқарушылар шақырту түскен уақыттан бастап, тұрғындарды эвакуациялау жұмысына қарамастан іздестіру жүргізген болатын.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 40 жеке құрам, 1 бірлік техника, 6 бірлік жүзу құралы жұмылдырылды», - делінген Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Атырау облысы ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.

Айта кетейік, осыған дейін 1976 жылы туған ер адамның денесі табылғаны хабарланған.