Жолдың бүлінуіне байланысты «Құлсары-Мұқыр» бағытындағы жода көлік қатынасы тоқтады.
ERNUR.KZ. Атырау облысында Жем өзенінің суы «Құлсары-Мұқыр» бағытындағы жолды шайып кетті, деп жазады inform.kz.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Атырау өңірлік филиалының баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, тасқын су аталған жолды жырған.
«Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылына дейін қатынайтын жолдың ұзындығы – 136 шақырым. Жем өзенінің арнасынан асқан су аталған жолдың 135-шақырымын шайып кетті», - деп жазылған хабарламада.
Жолдың бүлінуіне байланысты «Құлсары-Мұқыр» бағытындағы жода көлік қатынасы тоқтады.