Қазақстанда гидрологиялық мониторинг және болжау жүйесін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілді.
фото: kazhydromet.kz
ERNUR.KZ. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мәлімдеді.
«Былтырғы су тасқыны жағдайын ескере отырып, «Қазгидромет» РМК қауіпті учаскелерде 31 деңгейлі гидрологиялық бекет ашуды, ТЖМ күштерімен бірлесіп өзен бассейндерін айналып өту санын ұлғайтуды қоса алғанда, гидрологиялық мониторинг және болжау жүйесін жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізді, гидрологиялық мониторингтің интерактивті картасы әзірленді және ол ашық әрі барлығына қолжетімді», – деді Жомарт Әлиев баспасөз конференциясы барысында.
Ведомство өкілінің айтуынша, су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мониторингпен қамтылмаған өзен бассейндерінің, оның ішінде трансшекаралық су тасқыны қауіпті учаскелерінде жаңа 42 гидрологиялық бекет ашу жоспарланып отыр.