Су тасқыны: Ырым жасаған апаны сөккен жігіт көпшілік сынына қалды

0
931

Ұршықты теріс иіріп, ырым жасаған апа кейбір жастарға жақпай қалыпты.


Су тасқыны: Ырым жасаған апаны сөккен жігіт көпшілік сынына қалды

ERNUR.KZ. Еліміздің бірнеше өңірі су тасқынынан зардап шегіп, суды қайтарудың түрлі ырымдары жасалып жатқаны туралы видеолар тарап жатыр.

Сондай видеолардың бірінде апаларымыздың бірі су жағасына келіп, ұршықты теріс иіріп, “Су патшасы Сүлеймен, ағысыңды теріс бұр. Иіріміңді халыққа емес, кең жазық далаға бұр. Аллахым, халқыма тыныштық бер”, - деп тілек тілеген.

Алайда, апаның бұл әрекеті кейбір жастарға жақпай қалғанға ұқсайды.

"Қойдың жүні деген нәрсе болмайды апа. Практикада жоқ нәрсе. Бұл маған зиян. Бұл дұрыс нәрсе болса имамдар келіп істейтін еді", - дейді кадр сыртындағы жігіт.

Желі қолданушылары апаның ісіне қарсылық білдірген жігітті сөгіп, апамыздың ақ тілегі қабыл болсын деп жарыса жазуда.