Су тасқыны жағдайы күрт нашарлауы мүмкін: Қазгидромет хабарламасы

0
334


Су тасқыны жағдайы күрт нашарлауы мүмкін: Қазгидромет хабарламасы

ERNUR.KZ. Қазгидромет Қазақстанда су тасқыны жағдайы күрт нашарлауы мүмкін екенін хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Синоптиктер мәліметінше, Жайық өзені ағынының қалыптасуының жоғарғы аймағындағы бақылаулар деректеріне негізделген Росгидромет болжамдарына сәйкес, көктемгі су тасқынының күтілетін көлемі 2023 жылғы орташа көпжылдық мәндер мен көрсеткіштерден 2-2, 5 есе асатын болады.

Қазақстан аумағында Орал-Көшім (Батыс Қазақстан облысы) гидропосты бойынша өзенді ашудың күтілетін мерзімдері 2024 жылғы 7-12 сәуір аралығында болжанады.

"Орал-Көшім учаскесіндегі көктемгі су тасқыны көлемі 11.0-ден 15.0 текше километрге дейін болады деп күтіледі, бұл былтырғы көрсеткіштерден едәуір асып түседі және рекордтық мәндерге жақындайды", - деп қосты "Қазгидромет" РМК.