Су тасқынынан кейінгі шаралар: Үкімет резервінен Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге шамамен 5,9 млрд теңге бөлінді

0
302

Су тасқыны 11 жол учаскесінде елеулі қиратуларға әкеліп, бес учаскеде су өткізгіш құбырларға зақым келтірді.


Су тасқынынан кейінгі шаралар: Үкімет резервінен Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге шамамен 5,9 млрд теңге бөлінді

Атырау облысындағы 8 жол учаскесін салуға және жөндеуге Үкімет резервінен қаржы бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Құжатта су тасқыны салдарынан зардап шеккен жолдарды қалпына келтіруге Атырау облысының бюджетіне аудару үшін Үкіметтің төтенше резервінен ҚР Көлік министрлігіне шамамен 5,9 млрд теңге бөлу қарастырылған.

Аталған қаражаттың 4,6 млрд теңгесі облыстық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесін, оның ішінде, «Индер – Қарабау – Сағыз», Қарабау кентіне кірме жолдар, «Сарытоғай – Махамбет», «Атырау – Индер», сондай-ақ Құлсары қаласындағы жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіруге бағытталады.

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен «Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз» автожолындағы көпір мен су өткізу құбырлардың құрылысына шамамен 1,3 млрд теңге бөлінеді.

Су тасқыны 11 жол учаскесінде елеулі қиратуларға әкеліп, бес учаскеде су өткізгіш құбырларға зақым келтірді.