Су тасқынынан зардап шеккен Макинск қаласының тұрғындарына жаңа баспаналар беріле бастады

0
460

Үйлері су тасқынынан зардап шеккен Макинск қаласының тұрғындарына кілттерді Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смайылов табыс етті.


Су тасқынынан зардап шеккен Макинск қаласының тұрғындарына жаңа баспаналар беріле бастады

ERNUR.KZ. Ақмола облысының тасқын судан зардап шеккен тұрғындарына 11 жаңа үй сатып алынды, деп жазады inbusiness.kz.

Үйлері су тасқынынан зардап шеккен Макинск қаласының тұрғындарына кілттерді Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смайылов табыс етті. Бұланды ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл іске Болат Өтемұратов атындағы қор көмектесіп, 11 жаңа үй алуға қаржылай демеушілік көмек көрсетті.

"Биылғы көктемде су тасқыны кезінде үйімізді су басып, көршілердің үйінде тұруға тура келді, енді қуанышта шек жоқ, осындай қолдауларыңыз бен көмектеріңіз үшін алғыс айтамын", – дейді қала тұрғыны Әлия Жақсымұратова.

Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде Макинск қаласында барлығы 36 үй зардап шексе, оның 20-сына мүлкіне өтемақы ретінде қаржы берілді. Зардап шеккендерге ауданда әлі бес үй сатып алуға қалды.