Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жаңа қоныс берілді

0
363

​Су тасқыны салдарынан еліміздің бірнеше өңірлері зардап шекті.


Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жаңа қоныс берілді

Біздің Президентіміздің басшылығымен бірігіп, бүкіл ел болып, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмектер жіберілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауданда мемлекеттің қолдауымен және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қайырымдылық көмегімен 41 тұрғын үй салу жоспарланды, 22-сі Тәуіш ауылында толығымен аяқталды, 19 үйге Көлқамыс ауылында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Тәуіш ауылында әдемі үйлер 3 мердігер ұйымның: «БК-Строй» ЖШС, «Рудныйсоколовстрой» АҚ, «Агрофирма «Ирина и К» ЖШС күшімен салынды. 2 мердігер ұйымдар «Pilatus Story Invest» ЖШС инженерлік желілерді жүргізсе , «BRB ProfStroy» ЖШС кірме жолдар және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі күні қуанышты мерекеге үй иелеріне кілттерді табыстау үшін премьер-министрдің орынбасары Бозымбаев Қанат және облыс әкімі Ақсақалов Құмар «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының басқарма төрағасының орынбасары Чинкисбаева Лаззат қатысты. Жаңа қоныс иелеріне үйлердің кілтін премьер-министрдің орынбасары Бозымбаев Қанат табыстады.
Тәуіш ауылының тұрғындары ризашылықтарын білдіріп Президентімізге, “Қазақстан Халқына” қоғамдық қорына алғыстарын білдірді.