Судья лауазымына 32 үміткер психологиялық тестілеуден өте алмады – Жоғарғы сот кеңесі

0
715

Психологиялық тестілеуге 88 кандидат қатысты.


Судья лауазымына 32 үміткер психологиялық тестілеуден өте алмады – Жоғарғы сот кеңесі

ERNUR.KZ. ҚР Жоғарғы сот кеңесі Судья лауазымына біліктілік емтиханының шеңберінде өткізілген психологиялық тестілеудің нәтижесін жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, судья лауазымына біліктілік емтиханынның төртінші кезеңі – судьялыққа кандидаттардың психологиялық тестілеуден өтуі аяқталды.

«Психологиялық тестілеуге, жалпы алғанда, 88 кандидат қатысты. Психологиялық тестілеудің нәтижелері бойынша тестілеуден сәтті өткен 56 кандидат біліктілік емтиханынның келесі кезеңі – Біліктілік комиссиясының мүшелерімен сұхбаттасуына жіберіледі», - делінген хабарламада.

Қалған 32 кандидат психологиялық тестілеуден өте алмай қалған.

Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысы «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңға қол қойды.