Сұлулық салоны қызметтері бір жылда 17%-ға қымбаттаған

0
1 041

Бұл – соңғы уақыттағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.


Сұлулық салоны қызметтері бір жылда 17%-ға қымбаттаған

ERNUR.KZ. Шаштараздар мен сұлулық салондары ұсынатын қызметтер көлемі биыл 24,5 млрд теңгеге жетті, деп жазады stan.kz.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 10,3%-ға арты.

Осы уақытта ауылдық жерлерде сектордағы қызметтер көлемі бір жылда 18,1%-ға өсті.

Биыл қараша айының қорытындысы бойынша шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері бір айда 1,8%-ға қымбаттады. Бұл – соңғы уақыттағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Жыл басынан бері шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері бағасы бірден 17%-ға көтерілді, бұл – рекордты көрсеткіш.

Өңірлік бөліністе Павлодар (32% - ға), Қарағанды (30,4% - ға) және Атырау (25,7% - ға) облыстарында айтарлықтай қымбаттау байқалды.

Ерлердің шаш қию қызметі 21,5%-ға, ал әйелдердің шаш қиюы 16% - ға қымбаттады. Маникюр мен педикюр бағасы 18,8% және 10,5% және эпиляция 8,6%-ға өсті.