«Сымбатты кетірдің, ұл мен келінді бөлек шығарттың»: Абай Бегейдің әйелін туған-туыстары сынға алды

0
319

​Ол барлық туған-туысы оны кінәлап жатқанын айтты.


«Сымбатты кетірдің, ұл мен келінді бөлек шығарттың»: Абай Бегейдің әйелін туған-туыстары сынға алды

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова өзін айыптаған туыстарына ренішін жеткізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Абай Бегейдің 16 жастағы қызының тұрмысқа шыққанына көпшілік оның әйелін кінәлаған. Жақында Абай Бегейдің үлкен ұлы келіншегімен бөлек шыққан. Бұл әрекет үшін де олардың туған-туыстары Фариза Жұманованы кінәлаған. Әншінің жұбайы әлеуметік желіде осы мәселені айтып, ағынан жарылған.

«Қасқырдың ауызы жесе де, жемесе де қан. Қаншалықты осыған шыдар екем. Қашып кететін жер бар ма? Мені барлық нәрсеге кінәлау жеңіл шығар. Сымбатты кетірдің, Жалғас пен келінді сыйдырмадың деп ойлауға миы жеткен туыстар, аман болыңдар. Басқа айтарым жоқ. Менің естіген рақметім осы болса, жақсы. Бүгін өзіме қатты жылап, ішкі дүниемді шығаруға рұқсат бердім. Әлеуметтік желі аздай, бүгін жақын адамым мені қатты сындырды. Әр нәрсеге қайыр бар, енді мен одан да мықты боламын», - деп жазды Фариза Жұманова.

Осыған дейін бір сұхбатында әнші Абай Бегейдің өзі үлкен ұлын ешқашан бөлек шығармайтынын айтқан екен. Ал әншінің әйелі басы бос қыздарға баласы бар ер адамға тұрмысқа шықпау туралы кеңес білдірген.