Динара Зәкиева желіде Алматы облысындағы И.Нүсіпбаев атындағы мектеп -интернатындағы жағдайды көрсетті.
Фото: Динара Зәкиева Instagram парақшасынан
ERNUR.KZ. Балалар амбудсмені Динара Зәкиева Алматы облысындағы жартылай қираған мектеп интернатының ғимаратында 170 бала тұрып жатқанын жеткізді. Айтуынша, мұнда балалар сыныпта ұйықтап, спортзалда тамақтанады, деп жазады stan.kz.
Динара Зәкиева желіде Алматы облысындағы И.Нүсіпбаев атындағы мектеп -интернатындағы жағдайды көрсетті.
“Мұнда 6 жастан асқан 170 бала ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр. Үш жыл бұрын мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары басталғанымен мердігер оны аяқтамай жосықсыз деп танылды. Салдарынан балалар жартылай қираған ғимаратта тұруға мәжбүр. Оқу корпусында түнеп, спортзалда тамақтанады. Ал санитарлық нормалар мүлде бұзылып отыр”, – деді ол.
Закиева бұл мәселенің Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесу барысында талқыланғанын алға тартты.
“Әкімдік жқндеу жұмыстарын аяқтау немесе жаңа интернат салу мәселесін қарастырған. Алайда балалардың қазіргі қиын жағдайда қалмауы үшін оларды басқа инернатқа көшіру туралы шешім қабылданды”, – деп қосты қоғам белсендісі.