Фестиваль қорытындысы бойынша, «Ең үздік спектакль» номинациясын Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер тетары А.Чеховтың «Шыңырау» (реж.: Д.Базарқұлов) спектаклі иеленді.
Сәуір айының 20-22 аралығында Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында «БАЛАУСА-2018» атты Халықаралық экспериментальды спектакльдер фестивалі өтті,деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Фестиваль қорытындысы бойынша, «Ең үздік спектакль» номинациясын Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер тетары А.Чеховтың «Шыңырау» (реж.: Д.Базарқұлов) спектаклі иеленсе, Г.Бюхнердің «Войцек» қойылымы үшін режиссер Дина Жұмабай «Ең үздік режиссура» номинациясын, Войцек ролі үшін Азамат Сатыбалды «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясын иеленді. Ал, «Ең үздік әйел адам бейнесі» номинациясы Айгүл Иманбаеваның «А.И.» музыкалық театрының «Федра» қойылымдағы Федра ролі үшін Айнұр Бермұхаметоваға бұйырды. Сондай-ақ, Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры сахналаған Ш.Айтматовтың (реж.: Д.Жұмабай) «Ана – Жер Ана» қойылымындағы Әлиман ролі үшін жас актриса Дамира Иса «Ең үздік дебют» номинациясын еншіледі.