Талдықорғанның қақ ортасында танысы досын пышақтап кеткен (ВИДЕО)

0
103

​Өкінішке қарай жараланған адам жан тапсырды.


Талдықорғанның қақ ортасында танысы досын пышақтап кеткен (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Кеше, 30 наурыз күні Талдықорған қаласының орталық көшелерінің бірінді ауыр қылмыс орын алды: екі таныстың арасындағы кикілжің өліммен аяқталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Полицияның мәліметінше, өзара таныс адамдар сөзге келіп қалып, арты төбелеске ұласқан.

«Алдын ала болжам бойынша екі таныстың арасында төбелес басталған. Біреуі пышақ алып шығып, екіншісіне сұғып алған. Осылайша, 30 наурыз күні ол жан тапсырды», - деп хабарлайды Жетісу облысының полиция департаменті.

Қылмыстан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. бірақ, полиция жедел іздестіру шарасының барысында оны жақын маңайдан ұстап, қолға түсірген. Қазір адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған.