Талғарда жер сілкінісінен кейін мектептерде сабақ тоқтатылды

0
271

Алматы мен Алматы облысында сағат 10:00-де жер сілкінісі болды.


Талғарда жер сілкінісінен кейін мектептерде сабақ тоқтатылды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Талғарда бүгін, 2024 жылдың 5 қарашасында болған жер сілкінісінен кейін мектептер мен балабақшаларда сабақ тоқтатылды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы Талғар ауданы бойынша білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады:

"Бүгін Талғар қаласындағы мектептер мен балабақшалардағы сабақтар тоқтатылды."

Бұған дейін Алматы мен Алматы облысында сағат 10:00-де жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер асты дүмпулерін ең көп Талғар мен Есік тұрғындары сезген. Ал Алматыдағы жер сілкінісінің есептік қарқындылығы 3 баллды құрады.

Кейін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жағдай туралы айтты.