Тергеу жүріп жатыр.
ERNUR.KZ. Астанада 13 жастағы қыз балаға шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп жазады Zakon.kz.
"Полицейлер шұғыл іздестіру барысында бейнебақылау камераларының көмегімен 11 наурызда шамамен сағат 22.00-де Астананың 19 жастағы тұрғынын анықтап, қамауға алды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат айтылмайды," – деп хабарлады мекеме.
Астанада тапа-тал түсте ер адам 13 жастағы қызға тап берген болатын. Оқушы қыз дүкеннен шыққанда күдікті кісі оның артынан подъезге кіреді. Бірінші-екінші қабат арасындағы баспалдақта ер адам қызға тиіскен. Шошып кеткен оқушы айқайға басып, күдіктінің қолынан құтылып шыққан.