Тараз қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол академиясының құрылысы басталды

0
87

Жамбыл өңірінде 3,1 млрд теңгеге 21 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. 3 спорт кешені мен 90 спорт алаңдары пайдалануға берілді.


Тараз қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол академиясының құрылысы басталды

ERNUR.KZ. Нәтижесінде, халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 70,8%-ға, ал дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халық үлесі 41,9%-ға дейін жетті. Бұл жайында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Облыс спортшылары жыл басынан бері түрлі республикалық және халықаралық ресми жарыста 1534 медаль жеңіп алды. Оның 488-і алтын, 492-і күміс, 554-і қола.

«Айрықша атап өтетін жайт, Токио қаласында өткен дүниежүзілік деңгейдегі XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына өңірден 12 спортшы қатысып, 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Тараз қаласында 3,5 млрд теңге бюджеттен тыс қаржы есебінен балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол академиясының құрылысы басталды. Мәдениет саласында 16 нысанның құрылысы жүргізіліп, есепті кезеңде 10 нысан, оның ішінде Тектұрмас тарихи кешенінде «Ежелгі Бекініс» нысаны пайдалануға берілді. 207 млн теңгеге 16 мәдениет нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде халықтың мәдени инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 79,5%-ға жетеді», – деді өңір басшысы.

Ағымдағы жылы мемлекеттік шығармашылық тапсырыспен 1,1 млрд теңгеге 186 үйірмеде 5,9 мың бала қамтылды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және батыр, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Бауыржан Момышұлы» музейі ашылды.

Сондай-ақ «Тараз» жастар театр студиясы, «Қолөнершілер үйі» шығармашылық орталығы құрылды. «Тектұрмас» республикалық тарихи-танымдық журналы ашылды.

Туризм саласында 6 млрд теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асырылуда. 1,2 млрд теңгеге 3 туристік нысанға ұзындығы 34,8 шақырым автомобиль жолдары салынды.